Қайдағы-жайдағы...

Сонау тоқсаныншы жылдардан да өлмей шықтық қой.
С)ҚАЛДЫҚЫЗ
Тоқсаныншы жылдар Қазақстан тұрғындарына жаппай қиын тиді. Бала болып сезбеген шығармыз. Әйтпесе қалалық ағайындарымыз «айлап ақша алмайтынбыз сол кездерде» деп бекер айтпайтын шығар. Кей жерлерде ақша орнына азық-түлік берген деседі. Айтпағым мынау…
Ауылдағы жарық өшіп қалу деген секілді оқиғалардың шет жағасын көріп өстік. Бәз біреулер секілді қантсыз қара шай ішпесек те, сол жылдардың жыры бала миыма жазылып қалған.
Бала кезімізде біздерге алып беріп жатқан киімдерімізге қарап ағаларымыз «Біз мектепке күпәйкемен баратынбыз, сумка орнына дүрбінің де сыртын ұстағанбыз» деп отыратын. Енді қазір бәрінің балалары бар. ешқайсысы балаларын күпәйкемен мектепке жібермеді))))
Қазір ғой аудан тұрмақ ауылдың дүкенінде бәрі бар. Ол жылдары киім табу қиындау болатын. Мектепті ел қатарлы оқыдым. Бірде туфлиім жыртылып калды.ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауданға себепсіз бара бермейтін кез. Қазіргідей екінің бірінде машинада жоқ қой. Көмекші орыс бар болатын үйде.Әжем сол орысқа жыртылған туфлиімнің табанын басқа аяқ киімге тігіп беруді сұрады. Ол солай етіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әжем жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
